Салымшылар жинақтаушы зейнетақы қорын таңдайтын кезде нені басшылыққа


с. 1
Салымшылар жинақтаушы зейнетақы қорын таңдайтын кезде нені басшылыққа алу керек.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға қатысты қызметі өкілетті органмен лицензияланады және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және басқа да заң актілерімен реттеледі.
Зейнетақы заңдарына сәйкес зейнетақы жарналарының үш түрі бар: міндетті, ерікті және ерікті кәсіби.
Осылайша, міндетті зейнетақы жарналарын салушы міндетті зейнетақы жарналарын төлеу үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының біреуін ғана таңдап алып, онымен міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартты жасауға міндетті. Бұл жағдайда міндетті зейнетақы жарналарын салушы бір мезгілде міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы екі және одан да көп шартты жасай алмайды, екі және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын сала алмайды немесе жарналарды бір жинақтаушы зейнетақы қорына төлеп, оның бір бөлігін басқасында сақтай алмайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына ерікті зейнетақы жарналары жеке тұлғалар болып табылатын салымшылармен ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарт жасалған жағдайда өз табысының есебінен өз пайдасына салынады. Алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары болып жеке және заңды тұлғалар бола алады, олар салық салынғаннан кейінгі табыс есебінен жүзеге асырылу керек. Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы, оларды төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін төлеу тәртібі ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.
Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары салымшылармен меншікті қаражаттарының есебінен тізімі Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленетін жұмыскерлердің пайдасына жүзеге асырылады. Ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының ставкасы ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді, бірақ ол жұмыскердің ай сайынғы табысының он процентінен кем болмауы керек.

Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартты жасамастан бұрын болашақтағы салымшыға жинақтаушы зейнетақы қорының келесі құжаттарымен танысуды ұсынамыз:



  1. уәкілетті органның зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қызметіне берілген лицензияның бар-жоқтығымен және қызмет түрлерінің тізімімен;

  2. зейнетақы жарналарын енгізуге болжанып отырған түрі бойынша зейнетақы ережелерімен;

  3. зейнетақы шартымен.

Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелері – жинақтаушы зейнетақы қорының, оның салымшылары мен алушыларының құқықтары мен міндеттемелерін белгілейтін, осы сұрақтарды ашатын құжат:



  1. зейнетақы шарттарын өзгерту және тоқтату тәртібі;

  2. зейнетақы жарналары мен төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен талаптары;

  3. салымшылар мен алушылардың алдындағы қордың міндеттемелері бойынша жауапкершілік;

  4. салымшылар мен алушыларды зейнетақы жинақтарының жәй-күйі туралы хабарландыру тәртібі;

  5. зейнетақы жинақтарын бір қордан екіншісіне аудару тәртібі;

  6. салымшыларға қордың құрылтайшылары (акционерлері) туралы, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар туралы, кастодиан банк туралы мәліметтерді;

  1. жинақтаушы зейнетақы қоры, салымшылар мен алушылардың арасындағы құқықтық қарым-қатынастардың басқа да ерекшеліктері.

Зейнетақы шарты – жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшының (алушының) арасында жазбаша нысанда жасалатын уәкілетті органмен бекітілген міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Үлгі артқа сәйкес зейнетақы жарналары мен жинақтарына қатысты құқықтық қарым-қатынастарды орнату, өзгерту немесе тоқтату туралы шарт.


Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Үлгі шартта келесі мәліметтер мен талаптар болуы керек:

  1. жинақтаушы зейнетақы қорының атауы, орналасқан жері мен банк деректемелері;

  2. салымшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), әлеуметтік жеке коды, мекен-жайы (ол жеке тұлға болып табылса) немесе атауы, орналасқан жері мен банк деректемелері (ол заңды тұлға болса);

  3. шарттың мәні;

  4. тараптардың құқықтары мен міндеттемелері;

  5. зейнетақы жарналарын енгізу тәртібі мен талаптары;

  6. жеке зейнетақы есебінің нөмірі;

  7. зейнетақы жинақтарының жәй-күйі бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру тәртібі;

  8. міндеттемелерді орындамаған жағдайда тараптардың жауапкершілігі;

  9. шарттың әрекет ету мерзімі;

  10. шарты өзгерту және бұзу тәртібі мен талаптары;

  11. міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын алушы туралы мәліметтер;

  12. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да мәліметтер мен талаптар.

Жинақтаушы зейнетақы қорын таңдайтын кезде салымшы (алушы) қордың қаржы тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін анықтау мақсатында біруақытта бұқаралық ақпарат құралдарынан оның нәтижелері туралы таныса алады.


Заңдарға сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорымен және осы қордың зейнетақы активтерінің инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын ұйыммен немесе инвестициялық активтердің инвестициялық басқаруын дербес жүзеге асыратын қормен бірлесіп құрылатын қызмет нәтижелері туралы біріктірілген есеп тоқсан сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып отырады.
Біріктірілген есеп қорға және ұйымға лицензияның берілген күні туралы, кастодиан банк туралы, филиалдар мен өкілдіктердің саны туралы, жарғылық капиталдың мөлшері туралы, салымшылардың саны туралы, зейнетақы активтерінің шамасы туралы, зейнетақы активтері бойынша табыс туралы мәліметтерді қамтиды.
Осындай есеп уәкілетті органмен мақұлданғаннан кейін ғана жариялана алады.
Зейнетақы активтері сол ұйымның инвестициялық басқаруында болатын ұйым мен қор (қорлар), сонымен қатар зейнетақы активтерінің инвестициялық басқаруын дербес жүзеге асыратын қор «Активтерді Басқарушылардың Қауымдастығы» Қауымдастық түріндегі заңды тұлғалардың бірлестігіне бұқаралық ақпарат құралдарында біріктірілген есепті жариялауды тапсыруға құқылы.
Біріктірілген есеп есеп беру тоқсанынан кейінгі бірінші айдың ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялану керек.
Сонымен қатар, жинақтаушы зейнетақы қорлары жыл сайын уәкілетті органмен тексерілген және мақұлданған жылдық қаржы есебін ұсынғаннан кейін бір айдың ішінде бухгалтерлік баланс пен табыстар мен шығындар туралы есепті мына газеттердің бірінде жариялайды: "Казахстанская правда", "Егемен Қазақстан", "Новый Азамат-Times", "Алтын орда", "Экспресс К", "Деловая неделя", "Время", "Жас Алаш", "НП – Новое поколение", "Панорама", "Караван", "Түркістан", "Юридическая газета", "Заң", "Айғак", "Аиф – Казахстан", "Официальная газета", "Столичная жизнь", "Мегаполис", "Новости недели", "Жас қазақ", "Начнем с понедельника".
с. 1

скачать файл