Баймағанбетов ерболат қабланбекұлы аграрлық Өндірістегі кәсіпкерліктің


с. 1
ҚОРҚЫТ АТА атындағы ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ 346.26:330.34 Қолжазба құқығында



БАЙМАҒАНБЕТОВ ЕРБОЛАТ ҚАБЛАНБЕКҰЛЫ

АГРАРЛЫҚ ӨНДІРІСТЕГІ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ РОЛІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

(Қызылорда облысы мәліметтері негізінде)
6М050600 – Экономика (магистратура) мамандығы бойынша

экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

РЕФЕРАТ

Қызылорда, 2012


Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалған.

Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының кандидаты

А.Е. Мұханова
Ресми опонент: экономика ғылымдарының докторы

А.А. Шаханов

Диссертацияны қорғау 2012 ж. _____ маусымда _____ сағатта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді. 120014. Қызылорда қ., Әйтеке би к-сі, 29А. (бас оқу ғимараты, экономика факультеті, № 308 дәрісхана)

Магистірлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады. (120014. Қызылорда қ., Байсеитова к-сі, 100.)

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіз еліміздің аграрлық реформалары жүзеге асыруының барысында күрделі мәселелерінің бірі шағын бизнесті ауыл шаруашылық салаларының экономикалық міндеттермен ұштастыру.

Осы саланы зерттеу маңыздылығының ерекшелігі Қазақстан Президентінің халыққа «2012 жолдауынан» туындайтын жалпы микрошаруашылық байланыстардың белсенді қатысуы мен шағын кәсіпкерлікті дамытудың мүмкіндігінің ұзақ мерзімдік басымдылығын жүзеге асыру болып табылады. Сондай-ақ, Үкіметтің 2003-2005 ж.ж. ауылды көтеру жылдары деп тағайындап, мемлекеттік бағдарламада агробизнестің тиімді жүйесін қамтамасыз етуді, ішкі және сыртқы нарықта өндірістің бәсекеге қабілеттігін көтеруді, ауыл шаруашылық қайта өңдеуші салаларын дамытуды және т.с.с. мәселелерді қарастыруы диссертациялық жұмыстың зерттеу мақсатының өзгелігін тереңдей түсірді.

Бұл бағытта бәсекелестік қабілеті бар шағын бизнестің аграрлық өндірістік құрылымдарының бір бөлігіне айналып және оның еліміздегі экономикалық үрдістердің белсенді қатысушы болғандықтан, аграрлық секторда бизнесті қалыптастыруға ғылыми негіздемелерді жетілдіру саясатының талдауы үлкен маңызға ие. Сондықтан, бұл мәселені зерттеу қазіргі уақытта тек ғылыми жағынан емес, сондай-ақ өркенетті дамуға ұмтылған жас тәуелсіз елдер үшін өмірлік қажеттілік болып табылады.

Елімізді кәсіпкерлік құрылымдарының қалыптасу процесі іс жүзінде өз бетімен жүріп, кәсіпкерлік істердің құқықтық негізі толық деңгейде әзірленгенмен де, ол дұрыс жүзеге аспады, кәсіпкерлікті дамытуға экономикалық жағдай жасалмады. Нәтижесінде (1992-1998 ж.ж) ауыл шаруашылығы өндірістегі құлдырау жалғасып, оның тиімділігі төмендеді. Елімізде фермерлік шаруашылықтардың тиімділігін арттыру үшін мемлекет тарапынан баға, салық, қаржы- несие және инвестиция саясатын жетілдіру өз септігін тигізбегендіктен, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының арасында шығынды шаруашылықтардаң саны арта түсті. Агарарлық салада орын алған келеңсіз жағдайларды болдырмау жерге иелік етумен қатар, аграрлық экономикалық қатынастардың, олардың ішкі құрылымынын және өзара байланысының еркешеліктерін ескертуді талап етеді. Ал, 1999 жылдан бастап мемлекеттің экономикалық тұрақтануы мен үкімет тарапынан қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде бірқатар салалар мен таған және өңдеу өнеркәсібінің кейбір кәсіпорындарда белгілі оң қозғалыстар орын алып, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру артты, өнім түрлері көбейіп, сапа жақсарғанын байқаймыз.

Диссертацияда зерттелген тақырып бойынша бірқатар экономис ғалымдардың еңбектері жарияланған. Ресейлік ғалым А. Блиновтің «Малое предпринимательство: теория и практика» деген оқулығында шағын кәсіпкерліктің теориялық және практикалық мәселелері, оның артықшылықтары мен кемшіліктері және тиімділігін арттыру қарастырылады. Сондай-ақ, Н.А. Попов пен В.Р. Захарьиннің «Предпринимательство в АПК» деген еңбегінде кәсіпкерлік қызметтің мазмұны, ауыл шаруашылығы өндірістің тиімділігі мен көлемін ұлғайтуға әсер етуші менеджмент тиімділігін көтеру мәселелері қарастырылған.

Бұл еңбектерде экономикалық өсу мәселелерімен бірге білімнің экономикалық рөлі, табысты бөлк, кәсіпкерлікті инветиция және ақпаратпен қамтамасыз ету, еңбек өнімділігі мен табыстардың өзара байланыстығы, сондай-ақ кәсіпкерліктің этикалық мәселелері кеңінен қамтылған. Дегенмен, өркениетті кезеңдегі шағын кәсіпкерліктің маңызы мен оның жаңаша формасы және шаруашылықтың жаңа нысандарында өндіріс қарқындылығын арттыру жолдары, сондай-ақ аграрлық сектордағы шағын кәсіпкерлікті дамытудың тиімді жолы ретінде алқаптар мен фермерлік шаруашылықтың өнімділігін көрсету мәселелеріне қажетті мән берілмеді. Осы мәселелер күні бүгінге дейін өз деңгейіндегі ғылыми шешімдерін күтіп отыр.

Тәуелсіз мемлекет тұрғысынан аталған мәселелерді шешудің басты жолы-еркін шаруашылық жүргізу, аграрлық секторда шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында тұрмыстық қызмет көрсетуді, қолөнер кәсібін т.б. қызметтерді дамыту, өндірісті икемді ұйымдастыру және аграрлық сектордағы шағын кәсіпкерлікті дамытудың тиімді жолы ретінде алқаптар мен фермерлік шаруашылықтардың өнімділігін көтеру мақсатында прогрессивті технологияны кеңінен енгізу және кооперация мен интеграцияның алуан түрлі формаларын дамыту мәселелері зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды. Осы жерде Елбасының «түрі жекеменшік, мазмұны ұжымдық шаруашылықтар күш біріктіргенде ғана тығырықтан шыға аламыз» деген сөзі ой салады. Ал, нарықтың мүмкіндігі экономикалық тұрақтылық пен микроэкономикалық тепе-теңдікті ұстап тұруда шектеулі болғандықтан, АӨК-і жетілдірген бәсекелік жағдайдан мүлдем алыс болғандықтан аграрлық секторда шағын кәсіпкерліктің нық аяқ басып дамуы үшін мемлекеттік қолдау рөлінің күшеюін негіздейді.

Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Кәсіпкерліктің теориялық және практикалық мәселелеріне әлемдік экономикалық әдебиеттерде ерекше көңіл бөлініп, ғалымдар айтарлықтай үлес қосты: Р.Кантильон, Н.Бауде,Ж.Б.Сэй,Дж.Кларк, К.Маркс, Й.Шумпетер, А.П. Дракер және т.б. ТМД елдері үшін шағын кәсіпкерліктің қалыптасу және оның даму заңдылықтары мәселеллерінің нақты жаңалықтарына қарамастан, кеңестік кезеңдері экономикалық әдебиеттерде маңызды және жинақтап қорытылған еңбектер бар.

Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуімен байланысты кәсіпкерлік сипаты жаңа тұрғыдан қарастырылып, белгілі бір деңгейлерде зерттелінуде. Соңғы жылдары отандық экономикалық әдебиеттерде А. Блиновтің, А.В. Бусыгиннің, Н.А. Поповтің, А. Шулустің еңбектері жарық көрген. Сондай-ақ, оның даму ерекшеліктері қазақстандық ғалымдар Я.Ә. Әбубәкіровтің, А. Қошановтің, О.С. Сабденнің, Д.Қ. Қабдиевтің, А. Тоқсанованың және т.б. ғаламдардың еңбектерінде көрініс тапқан. Дегенмен, нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде шағын кәсіпкерлік мәселелер қарастыру, осы мәселеге байланысты дүниежүзілік тәжірибелерді қолдана отырып талдау жүргізу, сондай-ақ аграрлық секторда қалыптасқан түрлі шаруашылық нысандарына еңбекті ұйымдастыруды жетәлдіру, жеке меншікке негізделген шаруашылықтардың әлеуметтік-тұрмыстық-экономикалық даму мүмкіндіктерін, сол сияқты коллективті шаруашылықтың болашағын теориялық негіздеу терең зерттеуді талап етеді.



Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмыстың негізгі мақсаты – аграрлық сектордағы шағын кәсіпкерліктің қалыптасу ерекшеліктері мен даму мәселелерін талдау және нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпкерлік қызметінің тиімді іс-әрекет етуіне ұсыныстар жасау болып табылады.

Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер анықталады:

- отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ой-пікірлерін талдай отырып кәсіпкерліктің даму кезеңдерін бағыттарын сандық және сапалық көрсеткіштерінің экономикалық мазмұнын анықтау;

- жеке кәсіпкерліктің даму және қызмет ету механизмдері мен әсер етуші факторларды талдау;

-  агаралық сектордағы шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қызылорда облысындағы ӘКК –ның бизнес жоспарының негізінде ұсыныстар дайындау;

- аграрлық өндірістегі шағын бизнес формаларының мемлекеттік қолдау әдістерін талдау, негізгі бағыттарын анықтау;

-  АӨК-де тиімділікті арттыру ретінде шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларының бағыттарын анықтау.



Зерттеу нысаныҚызылорда облысы нарықтық қатынастар үрдісіндегі аграрлық сектор және шағын бизнес субъектілері.

Зерттеу пәні аграрлық секторда шағын кәсіпкерлікті дамытудың теориялық және практикалық мәселелерін айқындау.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері. Диссертациямен жұмыста Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулылары, Жарлықтары, заңдық нормативтік актілер т.б. Бизнестің 2020 бағдарламасын бекіту туралы 301 қаулысы. Экономикалық теория классиктерінің шығармалары отандық және ТМД ғалымдарының ғылыми еңбек жинақтары, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылым деректері және ізденушінің байқаулары қолданылды.

Зерттеу жұмысының нормативтік – ақпараттық базасы. Ақпараттардың негізгі көздері: Мемлекеттік ұйымдардың жарлықтары мен қаулылары, Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқармасы ,Қызылорда облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарамасы мәліметтері қарастырылды.

Зерттеу тәсілдері. Зерттеу барысында ғылыми жүйелілік қағидалары, абстрактілі-логикалық және экономикалық статистикалық талдаудың дәстүрлі: салыстыру, құрылымдық,топтастыру, сонымен бірге сараптық-бағалау әдістері қолданылды.

Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде Аграрлық саладағы кәсіпкерліктің дамытуын кешенді зерттеуден өткізу негізінде алынған нәтижелер жұмыстың ғылыми жаңалығын құрайды. Зерттеу үрдісінде қол жеткізілген ғылыми жаңалықтар:

- кәсіпкерліктің дамуына теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеулер жұргізілді;

- шағын кәсіпкерліктің дамуы мен оған әсер етуші көрсеткіштерді жан-жақты талдай отырып, динамикалық өсу қарқыны айқындалды;

- Алтын қамба АӨК Сауда логистикалық жобасының негізгі экономикалық көрсеткіштері анықталып, жобаның табысы, маркетингтік зерттеулердің нәтижелері нақтыланды;

- Алтын қамба АӨК Сауда логистикалық жобасының қаржылық тиімділік көрсеткіштері мен жобаның өтелу мерзімі, лизингтік төлемдер, салынған қаржының қайтарымы айқындалды;

- Аймақтағы шағын кәсіпкерлікті дамытудағы бағдарламалардың міндеттері мен қаржыландыру көздері, мақсаттары қарастырылды;

- Шағын кәсіпкерлікті дамытуда «Бизнестің 2020» бағдарламасының нәтижелері мен әлеуметтік-экономикалық дамудағы қажеттілігі зерделенді.

Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:

- Алтын қамба АӨК Сауда логистикалық жобасының негізгі экономикалық көрсеткіштері нақтыланды;

- Алтын қамба АӨК Сауда логистикалық жобасының тиімділік көрсеткіштері мен жобаның өтелу мерзімі, салынған қаржының қайтарымы айқындалды;

- шағын кәсіпкерлікті дамытуда аймақтағы бағдарламалардың ролі мен жетілдіру шаралары ұсынылды;

- кәсіпкерлікті дамыту барысында Бизнестің 2020 бағдарламасының негізінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамудағы әсері нақтыланды.

Зерттеудің ғылыми – тәжірибелік маңызы. Диссертациялық жұмыста тұжырымдалған ауыл шаруашылығында кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әсер ететін кооперация мен интеграцияны дамытудың негізгі бағыттарын анықтау негізінде қол жеткізілген қорытындылар мен ұсыныстардың қолдану мүмкіндіктері айқыдалды. Зерттеу материалдарын республикалық, облыстық және аудандық агроөнеркәсіп өндірісін дамыту мақсатындағы бағдарламаларды жасауды қолдануға болады.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми-зерттеу жоспарларымен байланысы. Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасына сәйкес орындалды.

Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Зерттеу жұмысының алдында қойылған мақсат пен міндеттерге жету логикасының бағындырған және кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және 28 кестеден, 9 суреттен құрылған 108 беттен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ


1. Аграрлық саладағы шағын бизнес формаларының дамуының теориялық негізі. Қазақстан бизнесі он бес жыл ішінде алға қарай айтарлықтай ұмтылыс жасады. Ол қазір өзінің дамуына ғана емес, сонымен бірге бүкіл ел экономикасының тұрақтануына белсенді жәрдемдесе алатын деңгейге көтерілгіндей болды. Экономикалық өсудің жоғары қарқынын орнықтыру, экономиканы белсенді ету және кедейлікті еңсеру – міне, мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге кәсіпкерліктің те алдына тұрған үш басты міндет.

Қоғамның, бизнес пен биліктің мүдделерін жақындастыру - біздің прогреске қарай алға басуымызды аса маңызды арналарының бірі. Мемлекет басшысының күш жігері және кәсіпкерлікті қолдауының нәтижесінде шағын бизнес Қазақстан экономикасында тұтыну секторының ірі де ажырамас бөлігіне айналды.

Нарықтық экономиканың қалыптасуы ең бірінші нарықтық ортаны құрайтын шағын бизнестің дамуымен тікелей байланысты, яғни шынайы экономикада қоғамдық қажеттіліктердің өзгерісіне тез әсер етушілік және қозғалмалық қажет. Шағын бизнес – нарықтық экономиканың құрамдас бөлігіне айнала отырып, ол бизнеспен қамтылатын нарықтық ұсыныс, сұраныс және бәсеке арқылы нарықтық механизімнің әрекеттерін толықтырады және жетілдіреді, яғни монополизмді залалсыздандыра отырып, нарықтық механизмнің жұмыс істеуіне көмектеседі. Кәсіпкерлік пен бәсекелестің әсерінен нарық механизмі экономикалық қатынастардың дұрыс дамуына өз үлесін қосады. Мұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретініне қолайлы жағдай жасайды.

Шағын бизнес түсінігін шағын кәсіпкерлік түсінігімен сәйкес келетіндігін алға қоя отырып, оның құрылуына келіп тоқталамыз. Барлық зерттеушілердің кәсіпорындары құру тәсілдерінде өндіргіш күштің (ұйымдастыру-техникалық жағы) және өндірістік қатынастардың (әлеуметтік-экономикалық жағы) бірлігі мойындады. «Бизнес»- бұл барлық өндіріске қатысушылардың арасындағы іскерлік қарым-қатынас және тауарды тұтыну сферасына жеткізу. Бұл жерде іскерлік қарым-қатынас – бұл классикалық саяси экономикада өндірістік қатынас деп аталатын сол қоғамдық құбылыстың бір көрінісі. ұйымдастыру-техникалық жағы, яғни өндірісті материалды-заттық элементтердің және жұмысшы күші мен өндірістің ұйымдастыру формасының жиынтығы өндірістің шоғырлану, орталықтандыру және мамандандыру тәсілдер жүйесін бейнелейді. Шағын кәсіпорын кәсіпкерліктің бөлшегі болып табылады, бұдан шағын кәсіпкерлік шағын кәсіпорындардың жиынтығын құрайтын экономиканың ерекше секторы немесе нарықтық қатынастар жағдайында өндірістің ерекше қоғамдық формасы екендігі анықталды. Демек, шағын өндіріс- ол өндірістің ұйымдастыру-техникалық жағын сипаттаса, шағын кәсіпкерлік оның әлеуметтік-экономикалық (өндірістік қатынастар) жағын сипаттайды және осы жағынан жоғарыда аталған бизнес түсінігі мен сәйкес келеді.

кәсіпкерлік қызмет тәжірибесін айқындаушы негізгі келесі кезеңдері жүйелеп көрсетуге талпыныс жасадық: әдетте отандық әдетиеттерде кәсіпкерліктің дамуын төрт кезеңге бөледі. Біз осы «кезеңдерді» толықтыра келе, оны «өрістеу кезеңдерін» - бірінші ғаламдық бағытқа жатқыздық. Бірінші ғаламдық бағыттың дамуын, яғни «өрістеу кезеңдерін» келесі кезеңдермен сипаттауға болады:

Сыртқы және ішкі капиталистік қатынастардың пайда болу кезеңінде сауда- тәуекелділік қызмет түрі болып табылады. Осының негізінде Кантильон (18-19ғ) кәсіпкерлікті зерттеудің бірінші кезеңін қалаған, яғни ол сол кездегі тәуекелділік пен белгісіздік жағдайындағы қызметті айқындайды.

Ал, екінші кезең кәсіпкерліктің ерекше белгісі ретінде инновациялықты бөлген Шумпетердің атымен байланысты. Кәсіпкер – инноватор тұлғасы өндіріс факторының жаңа комбинацияларын, жаңа өнімдерді, нарық пен технологияны құрушы ретінде Шумпетермен ұсынылып, оның экономикалық даму теориясының негізіне айналды.

Үшінші кезеңнің кәсіпкерлікті зерттеушілері кәсіпкерліктің макроортамен өзара қатынасын көпфункционалды қызмет ретінде оны интегралды қарастыруға талпыныс жасады. Кәсіпкерліктің біртұтас көпфункционалды теориясының пайда болуы Л.фон Мизес пен Ф.фон Хайектің еңбегімен байланысты.

П. Дракердің еңбегін кәсіпкерлік еңбегін кәсіпкерлік қызмет тәжірибесін айқындауда 4-ші кезеңге жатқызуға болады, көбінесе мұнда кәсіпкерлік қызметтің мазмұнымен қатар, талдаудың тәртіптілік аралық деңгейіне өтетін басқарушылық аспектілері де қарастырылған.

Кәсіпкерлік концепциясының дамуында 5-ші кезең болып кәсіпкердің меншік және шаруашылық фукциясын бөлу өтпелі кезеңде шағын және орта кәсіпкердің дамуының ерекше заңдылығы болып табылатынын байқаймыз.

Нарықтық бытыраңқылық, тоқтаусыз жұмыссыздық шағын формаладың сақталуы мен өсуі үшін өзіндік орта қалыптастырады. Сондықтан кәсіпкерліктің қалыптасуының 6-шы кезеңін айқындасақ: мемлекеттің қолдауымен шағын өндіріс ірі капиталмен белсенді байланысқа түсіп, оларға құрылған кооперациялық жүйелер арқылы субконтакт бойынша қызмет етеді.

7-ші кезеңде адамдардың өз-өздеріне, қоршаған ортаға деген психологиясында толықтай дұрыс өзгеріс болса дұрыс басқарылған кәсіпорын өмірге келетіні сөзсіз.

Осы теорияның ары қарайғы дамуының екінші ғаламдық бағыты-қазіргі ғалымдардың шығармаларында жүзеге асқан еңбектерінен тұрады. Бұл бағыттың ерекшелігі біздің ойымызша, ашық жүйенің қағидасы бойынша қарастырылып, өзінің қызметін және қызмет ету ортасын басқа сапалы пішінге ғана өзгеретін, яғни кәсіпорынның тіршілік әрекетін ЭМА-айырбас процесінде тынышық күйінің өспелі дәрежесін ұсыну алға шығады. Кәсіпкерліктің қалыптасуындағы тарихи даму бағыттары 1-нші суретте бейнеленген.

Сурет 1 – Кәсіпкерліктің қалыптасуындағы тарихи даму бағыттары

*Ескерту – автормен құрастырылған
2. АЙМАҚТАҒЫ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРЫНДА ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ ТЕНДЕНЦИЯСЫНА ТАЛДАУ
Қызылорда облысындағы шағын кәсіпкерлік саласын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер осы саланың тұрақты және үдемелі дамуын көрсетеді.Кәсіпкерліктің ауқымы жылдан жылға өсіп облыс экономикасының дамуынның шешуші факторларының бірі болып отыр. Осындай нәтижелі көрсеткіштерге қарамастан қазіргі таңда облыстағы шағын кәсіпкерліктің өз қаражаттарының болмауы және несие ресурстарына қол жеткізудегі қиыншылықтары кедергі болуда. Шынын айту керек жұмыссыздық мәселесін шешуде, салық түсімін арттыруда, әлеуметтік көмек көрсетуде, халыққа қызмет көрсету саласын жандандыруда осы кіші кәсіпкерлік уақыт жүгін көтеріп келеді. Нарықты экономиканың субьектісі ретінде шағын бизнестің артықшылықтары мен кемшіліктері де бар. Шетелдік және отандық шағын бизнестің сипатын зерттей отырып, келесі артықшылықтарды атап өткен жөн:


  • жергілікті жерде шаруашылықты жүргізу жағдайында тез бейімделу;

  • шағын бизнес субьектілерінінң іс-әрекет жасаудағы тәуелсіздігі;

  • шешімдер қабылдауда және оны іске асыруда бейімділік пен оперативтік;

  • салыстырмалы түрде аз шығын жұмсау;

  • жеке тұлғаның өз идеяларын іске асырудағы зор мүмкіндіктері, кәсіпкерліктің дамуы;

  • қорға деген аз сұраныс, өнімге және өндіріске өзгерістерді тез енгізу мүмкіндіктері;

  • капитал айналымының жоғары болуы.

Кесте 1 – Қызылорда облысында шағын кәсіпкерлік саласының дамуы




Көрсеткіштер

2009ж.

2010ж.

2011ж.

2011/

2009ж.ж


өсу қарқыны(+,-)

Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны, бірлік

23518

28547

29918

1371

Оның ішінде: заңды тұлғалар

3361

4821

4872

51

Жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтары

20157

23726

25046

1320

Жұмыспен қамтылған адамдар саны, адам

45478

48347

51494

3147

Оның ішінде: заңды тұлғалар

10459

12563

14912

2349

Жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары

35019

35784

36582

798

Шағын кәсіпкерлік субьектілері арқылы өндірілген өнім (жұмыс, қызмет) көлемі, млн.теңге

78969

83585

88489

4904

Бюджетке төленген салық төлемдері, млн,теңге

3021

5683,7

6194,2

510,5

*Ескерту – Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма мәліметтері негізінде.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша аталған шараларды жүргізу нәтижесінде мынадай жетістіктерге қол жеткізіледі:

шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 2009 жылы – 27239, 2010 жылы – 28547, 2011 жылы – 29918 бірлік құрайды. 2011 жылғы өсу деңгейін 2008 жылғымен салыстырғанда 115,1 пайызды құрайды;

шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 2009 жылы – 45399 адам, 2010 жылы - 48347, 2011 жылы - 51494 адамды құрайтын болады. 2011 жылғы өсу деңгейін 2008 жылғымен салыстырғанда 119,6 пайызды құрайды;

шағын кәсіпкерліктің шығарған тауар, жұмыс, қызмет көлемі 2009 жылы – 78969 млн. тенге, 2010 жылы - 83585 млн. теңге, 2011 жылы - 88489 млн. теңгеге жетеді. 2011 жылғы өсу деңгейін 2008 жылғымен салыстырғанда 118,6 пайызды құрайды.

Шағын бизнестің экономикалық және әлеуметтік функцияларын дамыту мәселесі - маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.

Шағын бизнес – шешім қабылдау мен оны жүзеге асырудағы еркіндік, іскерлік, нәтижеге толық экономикалық және құқықтық жауапкершілік, сондай-ақ шығармашылық ынта және жігермен сипатталады.
Кесте 2 - Қызылорда облысы бойынша шағын кәсіпкерлікпен айналысатын субьектілердің саны


Жылдар

Заңды тұлғалар

Жеке кәсіпкер


Барлығы

Тіркелгені

Жұмыс істейтіні

Үлесі

2009ж.

3361

3320

98,7

20157

23518

2010ж

4821

4816

99,8

23726

28547

2011ж

4872

4857

99,6

25046

29918

*Ескерту- Қызылорда облысы статистика басқармасының мәліметтері негізінде автордың есептеулері бойынша

Жалпы кестеден байқағанмыздай облыста шағын кәсіпкерлік саласының дамуы соңғы кезде өте шапшау дамуда. Зерттеулер нәтижесі көрсетіп отырғандай, тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 20жылы 2006 жылға қарағанда 66%-ға көбейсе, осы шағын кәсіпкерлікпен айналысатын жұмысшылар саны 24 %-ға артып отыр. Демек, жыл өткен сайын шағын кәсіпкерліктің қызмет өрісінің кеңеюімен түсіндіреміз.

Техникалық-экономикалық негіздеме - Жаңа жабдықтар мен қазіргі технологияны пайдалана отырып, «Алтын Қамба» ЖШС базасында, Қызылорда қаласында көкөністі сақтау және сату бойынша көкөніс сақтау қоймасы бар Сауда-Логистикалық Орталығын салу мүмкіндігін қарастырады.

-жобаның иесіне тиесілі құрылымдары бар жер учаскесінің базасында.

Жер учаскесінің ауданы 14 га.

Картоп, сәбіз және жуа сияқты өнімдерді сақтау бойынша көкөніс сақтау қоймасын салу жоспарланып отыр.

Келесі есептеулер бойынша көкөністің 3250 т.сақтауға қажетті жабдықтың комплектісін сатып алу жоспарланып отыр.

-2300 т картоп;

-600 т. Жуа;

-350 т. Сәбіз.

Контейнерлерде сақталынатын болады: көлемі1,60х1,20х1,20м.

Сақтау биіктігі:5 контейнер.

Көкөністерді сақтау мерзімін ұзарту мақсатында мұздатқыш камералар арқылы сақталатын өнімді мұздатуды қарастыратын қазіргі заманғы технологияны пайдалану жоспарлануда.Көкөністерді сақтау аймағында қажетті микроклиматты сақтау күшті желдету арқылы жүзеге асырылады.

Көкөністердің көтерме саудасының тұрақты жұмыс істейтін желістерін құру үшін келешекте көкөніс өнімдерін сату бойынша 10 сауда павильондарын салу жоспарланып отыр.

Көкөністерді сақтау технологиясының сипаттамасын 3-нші кестеде көруге болады.

Кесте 3 - Сақтау технологиясының артықшылықтары мен кемшіліктері




Технология

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Белгілі температура мен ылғалдылықтағы қалыпты ортадағы сақтау

Төмен инвестициялық шығындар

Жемістерді сақтаудың қысқа мерзімдері

Салқындатылған түрде көкөністерді сақтау

Экзотикалық жемістерді сақтау мүмкіндігі

Құрылыс шығындарын қарапайым технологиямен

салыстырғанда1,5-2 есе арттыру



Реттелетін атмосфералы газды ортада сақтау

Көкөністерді ұзақ мерзімді сақтау

Инвестицияны мол арттыру

*Ескерту – Алтын Қамба АӨК бизнес-жоспар мәліметтері негізінде

Осы технологияның артықшылықтары мен кемшіліктерін назарға ала отырып, бұл жобада екі технология тиімді деп таңдалған:

- белгілі температурада және ылғалдылықтағы қалыпты жағдайда;

- көкөністерді салқындатылған күйінде сақтау.

Көкөністерді сақтау бірінші технология бойынша,ал жуа мен сәбіз екінші технология бойынша сақталады.

Жобаның альтернативтік инвестициялық нұсқаларының тиімділігін бағалау үшін келесі қаржылық индикаторлар 4-нші кестеде қолданылған.


Кесте 4 - Жоба бойынша қаржылық индикаторлар


Көрсеткіш

мәні

Табыстың ішкі нормасы

19%

12% дисконттаудың мөлшерлемесіндегі таза дисконтталған табыс(ТДТ)

707 162,0 мың теңге

Дисконтты өзін өзі ақтау мерзімі

10,6 жыл

Қарапайым өзін өзі ақтау мерзімі

8,3 жыл

*Ескерту – Алтын Қамба АӨК бизнес-жоспар мәліметтері негізінде

Қаржылық көрсеткіштерді талдау нәтижесі бойынша келесідей қорытынды жасауға болады:

-табыстылықтың ішкі нормасы (IIR) 19% құрайды, IIR мәні дисконттау мөлшерлемесінен асуы жобаның тиімділігін көрсетеді;

-ТДТ мәні жобаға инвестицияланған ақша қаражаттары 15 жыл бойы 707 162,0 мың теңге көлемінде қосымша табыс әкелетінін көрсетеді;

-өзін өзі ақтау кезеңі 10,6 жыл(дисконтталған), 8,3 жыл(қарапайым).

Есептелген қаржылық индикаторлар жобаның жоғары өзін өзі ақтауын тиімділігін көрсетеді.


3. АЙМАҚТАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ


Мемлекеттік бағдарламада экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін оның шикізат емес секторларын жедел дамыту көзделіп отыр.

Бұл ретте экономиканың экспортқа бағдарланған дәстүрлі секторларындағы ұлттық холдингтер, отын-энергетика кешенінің және металлургия өнеркәсібінің жүйе құраушы компаниялары бастамашылары болып табылатын ірі инвестициялық жобаларды іске асырумен қатар, шағын және орта кәсіпорындардың экспортқа бағдарлануын дамыту перспективасымен қазіргі заманғы өндірістер құру үшін оларды дамыту Мемлекеттік бағдарламаның басымдығы болып табылады.

Шағын және орта кәсіпкерлік халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын ұлғайтуға айтарлықтай әсер етеді. Жұмыс істейтіндердің саны бойынша, өндірілетін және сатылатын тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен қызметтердің көлемі бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жекелеген облыстарда жетекші рөл атқарады. Сондықтан кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау проблемасы қазіргі уақытта өте өзекті болып табылады. Қалыптасқан жағдайда мемлекет пен бизнестің әріптестігі негізінде кәсіпкерлік қаржылай және қаржылай емес қолдаудың экономиканың экспортқа бағдарланған шикізат емес секторларын дамытуды ынталандыруға бағытталған саясатын қайта қарау талап етіледі.

Бағдарламаның барлық бағыттарында банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау және кепілдендіру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Қаржы агенті банкттердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау және кепілдендіру бөлігінде Бағдарламаны іске асыру мониторингін жүзеге асырады және уәкілетті органға жоғарыда көрсетілген Келісімнің мақұлданған нысаны бойынша есеп береді, оның ақпараты жеткіліксіз болған жағдайда Бағдарламаға қатысушылардан қосымша қажетті мәлеметтерді сұратуға құқығы бар.

Жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестіруші өңірлерде өндірістік инфрақұрылымды дамыту, бизнесті жүргізуді сервистік қолдау, кадрлар даярлау бөлігінде Бағдарламаны іске асыру мониторингін жүзеге асырады және уәкілетті органға жоғарыда көрсетілген Келісімнің мақұлданған нысаны бойынша есеп береді.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:

индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруды жеке сектор кәсіпорындары үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру;

экономиканың шикізат емес секторындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жеке секторды, бірінші кезекте банктердің қаражатын тарту;

жеке сектор кәсіпорындарының, бірінші кезекте, шағын және орта бизнестің қаржылық-экономикалық тұрақтылығын арттыру көзделеді.

Бағдарламаның негізгі сапалық және сандық нәтижелері болатындар:

бірінші және екінші бағыттар бойынша: шикізат емес сектордың ЖІӨ құрылымындағы үлесін 12,5%-ға дейін ұлғайту;

үшінші бағыт бойынша: шикізат емес экспорттың жалпы экспорт көлеміндегі үлесін 40 %-ға дейін және шикізат емес экспорттың көлемін өңдеу өнеркәсібіндегі жиынтық өндіріс көлемінің 43 %- ға дейін ұлғайту.

Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады:

1-кезең – 2010 жылдан бастап 2014 жыл аралығында, бұл ретте 2010 жыл пилоттық жыл болып табылады.

2010 жылы Бағдарламада міндеттерді шешу үш бағыт бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау (кадрлар даярлауды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын қоспағанда); кәсіпкерлік секторды сауықтыру; экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.

2010 – 2014 жылдары міндеттерді шешу екі бағыт бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды және экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.

2-кезең – 2015 жылдан бастап 2020 жыл аралығы.

2015 – 2020 жылдары міндеттерді шешу екі бағыт бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды және экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.

Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2010 жылы


30 млрд. теңге көзделіп отыр, оның ішінде:

  1. жаңа бизнес-бастамаларды қолдауға 12 млрд. теңге;

  2. кәсіпкерлік секторды сауықтыруға 16 млрд. теңге;

  3. экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдауға 2 млрд. теңге.

Бағдарламаны одан әрі қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Осы бағдарламаға сүйене отырып кәспкерліктің әлеуетін кушейту және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде бизнесті жүргізуге ақысыз қолдау ретінде төмендегідей суреттерде жақсы бейнеленген. (2,3 суреттер).




Сурет 2 – кәсіпкерлік әлеуетті күшейту

*Ескерту - Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мәліметтері негізінде.



Сурет 3 – Бизнес жол картасы 2020 бағдарламасы

*Ескерту - Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мәліметтері негізінде.


ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу жұмысының нәтижесінде келесідей қорытынды жасауға болады:

Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікті тиімді дамыту, нарықтық механизмді игеру, нарықтағы баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, мемлекеттік реттеу заңдылықтарын меңгеруге байланысты бизнес нысандары нарықтың талаптары мен оның механизмін игеруге икемділігі жоғары болып табылады. Сол себептен де қазіргі жағдайда аграрлық саладағы кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі нарық механизмін толыққанды игеруге мүмкіндік жасайды. Бұл мүмкіндік кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдауға, реттеуге бағытталған қосымша шаралардың іске асырылған жағдайында пайда болады. Мұндай шаралар нарықтық қатынастың артықшылықтарымен қатар кемшіліктерді де жоюға бағытталған ұсыныстар болып отыр. Сондықтан да зерттеу жұмысымыздың негізгі тұжырымдары келесідей:

1. Шағын бизнес нарықтың құрамдас бөлігі бола отырып, қоғамның экономикалық, саяси және әлеуметтік қызметтерін қамтамасыз ету нәтижесінде кәсіпкерлік белсенділіктің аясын кеңейту арқылы меншіктің әртүрлі формаларын сипаттаушы тәуелділіктен бас тартпайтын және стратегиялық шешімдерді өзі қабылдайтын кәсіпорындар.

2. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі ұлттық экономиканың маңызды міндетін жеке кәсіпкерлікпен айналысатын шағын бизнес субъектілер атқаратындығын куәландырады: ұсыныс пен сұраныс тепе-теңдігі арқылы нарықтық қатынастарға жаңадан өндіру механизмін ерекше қамтамасыз етіп, жалпы ұлттық өнімнің жартысынан артығын өндіреді, 70%-ға дейін жаңа жұмыс орындарын ашады, адам ресурстарының белсенділігін және инновациялық потенциалды арттыруға маңызды әсерін тигізеді.

3. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық даму механизмін және кәсіпкерлік құрылымдарын іске қосудың қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету мақсаты бір жағынан, тұтастай экономиканы көтеру үшін республика мен аймақтарда кәсіпкерлер тарапынан ынталылық, жаңалық енгізу, және екінші жағынан, жекелей кәсіпкерліктің аясында белсенділік жағдайларын арттыруға бейімделуі тиіс.

4. Жаңа жұмыс орындарын құру бойынша әрекетті қолдау және шағын кәсіпкерлікті дамытуға ықпал жасау ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және жұмыссыздықты қысқартуды қамтамасыз етудегі басымдықтардың бірі. Ұсақ шаруашылық бірліктерін ұйымдастыру қазіргі жағдайда тұралап бара жатқан ауылдарды біртіндеп жандандыруда алғышарттар болып табылады. Осындай ауылдық жерлерде шағын кәсіпорындарды құру және олардың жергілікті халықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етуі, жергілікті шикізат пен материалдарға бағытталуы сол ауылдардың экономикалық және әлеуметтік жағынан қайта жаңғыруына ықпалын тигізген болар еді.

5. Техникалық-экономикалық негіздеме ретінде - Жаңа жабдықтар мен қазіргі технологияны пайдалана отырып, «Алтын Қамба» ЖШС базасында, Қызылорда қаласында көкөністі сақтау және сату бойынша көкөніс сақтау қоймасы бар Сауда-Логистикалық Орталығын салу мүмкіндігін қарастырады.

Оның ішінде:

Картоп, сәбіз және жуа сияқты өнімдерді сақтау бойынша көкөніс сақтау қоймасын салу жоспарланып отыр.

Келесі есептеулер бойынша көкөністің 3250 т.сақтауға қажетті жабдықтың комплектісін сатып алу жоспарланып отыр.

-2300 т картоп;

-600 т. Жуа;

-350 т. Сәбіз.

6. Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өізнің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуына байланысты.

7. Қаржылық жағдайды талдай кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қортындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жыйынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қорды құрайды.

8. Қазақстан Республикасының «Бизнес жол картасы 2020» Бағдарламасын іске асыру шеңберінде міндеттерді шешу мынадай үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;

2) кәсіпкерлік секторды сауықтыру;

3) экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.

9. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету шарттары:

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымның дамуы жетпейтін инфрақұрылымды жақындатудан тұрады және өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған жобалар үшін, сондай-ақ жекелеген жобалар үшін де әрі өнеркәсіп алаңдары ұйымдары шеңберінде де жүзеге асырылуы мүмкін.

10. Кадрлар даярлау, жастар саясаты мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру 2011 жылдан бастап бес бағыт бойынша жүргізілді.

11. Шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің теңгерімсіздігіне жол бермеу мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті, оның ішінде өңірлік кәсіпкерлікті дамыту есебінен мемлекеттік қолдауды күшейту қажет.

Диссертацияның тақырыба бойынша жарияланған еңбектер тізімі:

1. Аграрлық саладағы кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі// «20 жыл: экономикалық өрлеу және тәуелсіздік туы» атты облыстық ғылыми – тәжірибелік конференциясының материалдары, Қызылорда 2011 ж

2. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық механизмі Магистрант Е.Қ. Баймағанбетов Жетекшісі э.ғ.к. А.Е. Мұханова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті


 

РЕЗЮМЕ
БАЙМАГАНБЕТОВ ЕРБОЛАТ ҚАБЛАНБЕКОВИЧ


РОЛЬ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА В АГРАРНОМ ПРОИЗВОДСТВЕ И ПУТИ ЕГО СОВЕРШЕНСТВОВАНИЯ
Цель и задача диссертационной работы. Основная задача исследования, особенности формирования малого предпринимательства в аграрном секторе и анализ проблемы развития.

Предмет исследованияопределение практических и теоретических проблем развития малого предпринимательства в аграрном секторе.

Научная новизна диссертационной работы в результате проведенного исследования, проблемы рассмотренные на основании комплексного исследования развития малого предпринимательства в аграрном секторе составляет научно новизну диссертационной работы. Научные новшества достигнутые в ходе исследования:

с теоретической точки зрения проводились глубокие исследования развития предпринимательства;

- развития малого предпринимательства и анализируя действующего на него показателей, определено темп динамического роста;

- определены основные экономические показатели логистического проекта ТОО «АПК «Алтын Камба»;

- определены финансовые показатели и срок окупаемости проекта, лизинговые платежи, окупаемость финансовых показателей.

- рассмотрены источники финансирования, и цели программы развития малого предпринимательство в регионе;

- исследованы результаты программ «Бизнес 2020» и потребность социально – экономического развития.



Основные принципы предлагаемые к защите:

- уточнены основные экономические показатели логистического проекта ТОО «АПК «Алтын Камба»;

- рассмотрены источники финансирования, и цели программы развития малого предпринимательство в ТОО «АПК «Алтын Камба»;

- определены роль региональных программ развития малого предпринимательства и пути совершенствования;

- в ходе развития предпринимательства уточнены действий социально – экономического развития на основании программы «Бизнес 2020».

SUMMARY
BAYMAGANBETOV YERBOLAT KABLANBEKOVICH


BUSINESS ROLE IN AGRARIAN PRODUCTION AND THE WAY OF ITS IMPROVEMENT
Purpose and problem of dissertational work. The main objective of research, feature of formation of small business in agrarian sector and the analysis of a problem of development.

Object of research – definition of practical and theoretical problems of development of small business in agrarian sector.

Scientific novelty of dissertational work as a result of the carried-out research, a problem the developments of small business considered on the basis of complex research in agrarian sector makes scientifically novelty of dissertational work. Scientific innovations reached during research:

- from the theoretical point of view in-depth studies of development of business were carried out;

- developments of small business and analyzing operating on it indicators, it is defined rate of dynamic growth;

- the main economic indicators of the logistic project of APK Altyn Kamba LLP are defined;

- financial performance and a project payback period, leasing payments, payback of financial performance are defined.

- financing sources, and the purposes of the program of development small business in the region are considered;

- results of programs «Business 2020» and requirement socially – economic development are investigated.

The basic principles offered to protection:

- the main economic indicators of the logistic project of APK Altyn Kamba LLP are specified;

- financing sources, and the purposes of the program of development small business in APK Altyn Kamba LLP are considered;

- the role of regional programs of development of small business and an improvement way are defined;

- in process of business are specified actions socially – economic development on the basis of the program «Business 2020».






с. 1

скачать файл