2013 жылғы 28 маусым Сыртқы сектор статистикасының жаңа әдіснамасына


с. 1




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ

25 Б А С П А С Ө З Р Е Л И З І



2013 жылғы 28 маусым
Сыртқы сектор статистикасының

жаңа әдіснамасына көшу туралы және Қазақстан Республикасының

2013 жылғы 1-тоқсандағы

төлем балансының және

сыртқы борышының жай-күйі туралы



Сыртқы сектор статистикасының жаңа әдіснамасына көшу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі еліміздің сыртқы секторының статистикасын пайдаланушыларға Төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш1 бойынша ақпарат беру құрылымының өзгергендігі туралы хабарлайды.

2013 жылға дейін Қазақстанның сыртқы секторының статистикасын қалыптастыру Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) төлем балансы жөніндегі нұсқаулығына, 1993 жылы шығарылған 5-ші басылым (бұдан әрі - 5ТБН), сәйкес жүзеге асырылды. 2013 жылғы 1-тоқсанның есептерінен бастап Ұлттық Банк жаңа халықаралық стандарттарға сәйкес келуді қамтамасыз ету мақсатында сыртқы экономикалық статистиканы ХВҚ-ның жаңа әдіснамасы – Төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция жөніндегі нұсқаулық, 2009 жылғы 6-шы басылым (бұдан әрі – 6ТБН), бойынша қалыптастыруға көшті.

6ТБН талаптарына сәйкес төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция бойынша жаңа құрылымға көшу статистикада жаңа экономикалық құбылыстарды көрсетуге және пайдаланушыларының талаптарын ескеруге мүмкіндік берді.

Тұжырымдамалық тұрғыдан 6ТБН өткен (бесінші) басылымның (5ТБН) әдіснамасымен сабақтастықты сақтайды. 5ТБН ұсынымдарына негізделген төлем балансы статистикасының бұрынғы деректерін тұтастай алғанда жаңа әдіснамамен жасалған біріктірілген деректермен салыстыруға болады. Динамикалық қатарларды салыстырып қарауға қол жеткізу үшін Қазақстанның 2005 жылдан бастап қоса алғанда 2012 жылдар аралығындағы кезеңдегі төлем балансының, халықаралық инвестициялық позициясының және сыртқы борышының деректері конверсияланды. 6ТБН сәйкес төлем балансының жекелеген баптары қайта топтастырылғандықтан, төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция, сыртқы борыш және олардың осы кезеңдердегі құрамдас бөліктері шоттарының мәндері өзгерді.

Төлем балансының, халықаралық инвестициялық позицияның және сыртқы борыштың деректерін 6ТБН әдіснамасына сәйкес және жаңғыртылған дереккөздерінің негізінде толыққанды қалыптастыруды 2014-2015 жылдары жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Деректерді жариялау кезінде бұрын кредиттік (плюс) және дебеттік (минус) жазбаларды қолдануға негізделген төлем балансының статистикасын стандартты ұсыну нысаны өзгерді. Ағымдағы операциялардың және капиталмен операциялардың шоттарында тауарлар мен қызметтер импортын, сондай-ақ төленген бастапқы және қайталама кірістерді көрсету кезінде «минус» белгісін пайдалану алып тасталады. Бұл ретте тиісті баптардың (тауарлардың, қызметтердің, бастапқы кірістердің, қайталама кірістердің) сальдосы кредит пен дебет арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Қаржы шотында «активтер» мен «міндеттемелердің» орнына «қаржылық активтерді таза сатып алу» және «міндеттемелерді таза қабылдау» атаулары пайдаланылады. «Плюс» белгісі бар өзгеріс активтердің немесе міндеттемелердің ұлғаюын, ал «минус» белгісі бар өзгеріс активтердің немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді. Қаржы шотының сальдосы активтер мен міндеттемелер арасындағы айырма ретінде айқындалады.

5ТБН-мен салыстырғанда 6ТБН талаптары өзгерістерінің қысқаша тізбесі Қосымшада келтірілген.

Сыртқы экономикалық қызметтің шоттарын қалыптастырудың 6ТБН негізінде әзірленген жан-жақты Әдістемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сайтында орналастырылған.

Төлем балансы және халықаралық инвестициялық позицияның стандартты ұсынымында тікелей инвестицияларды салым бағыты бойынша (Қазақстанға және шетелге) ұсыну болмағандықтан, мынадай қосымша талдама кестелерді орналастыру көзделген:


  • Салу бағыты бойынша тікелей инвестициялар: кезеңдегі ағындар – Қазақстаннан және Қазақстанға тікелей инвестицияларды таза және жалпы әкету мен әкелу көрсеткіштері бар.

  • Салу бағыты бойынша тікелей инвестициялар: кезеңнің соңындағы позиция.

Тікелей инвестицияларды ұсынудың өзгеруіне және олардың құрамына тел кәсіпорындар арасындағы операциялардың енгізілуіне байланысты тікелей инвестицияларды жалпы әкелу мен жалпы әкетуді қалыптастыру көрсеткіштерінің атауы және әдістемесі нақтыланды – тікелей инвестордан акционерлік капиталды кері сатып алу шегерімі алып тасталды. Деректерді салыстыру үшін 2005 жылдан бастап шетелдік тікелей инвесторлардан Республикаға тікелей инвестицияларды жалпы әкелу бойынша және Қазақстанның тікелей инвесторларынан тікелей инвестицияларды шетелге жалпы әкету бойынша динамикалық қатарларды қайта есептеу жүргізілді.

Оған қоса, төлем балансында және халықаралық инвестициялық позицияда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шетел активтерімен байланысты операциялары мен қалдықтары «Мемлекеттік басқару органдары» секторына ауыстырылған.

6ТБН талаптарына сәйкес елдің сыртқы борышы бойынша ақпаратты стандартты берудің құрылымы шамалы өзгерді, атап айтқанда:


  • «Басқа секторлар» қазір сыртқы борыштың құрылымында жеке бап болып табылатын фирмааралық берешекті ескермей ұсынылған. Төлем балансында және сол сияқты халықаралық инвестициялық позицияда фирмааралық берешекке сондай-ақ шетелдік тел кәсіпорындар алдындағы міндеттемелер жатады.

  • «Басқа да міндеттемелер» бабына 2013 жылдың бірінші тоқсанынан бастап «Сақтандыру және зейнетақы бағдарламалары және стандарттық кепілдіктер бағдарламалары» сияқты құралдар енгізілді.


2013 жылғы 1-тоқсандағы төлем балансы

2013 жылғы 1-тоқсанда ағымдағы операциялар шотының профициті 1,9 млрд. АҚШ долларын құрады.

Тауарлар экспортының төмендеуі 2013 жылғы бірінші тоқсандағы (есепті кезең) ағымдағы шоттың оң сальдосының 2012 жылғы 1-тоқсандағы (базалық кезең) осындай көрсеткішке қатысты 42,8%-ға қысқаруына себепші болды.

Сауда балансының профициті 17,5% төмендеп, 10,1 млрд. АҚШ долл. құрады. Тауарлардың ресми экспорты базалық кезеңмен салыстырғанда 7,8% төмендеп, 20,2 млрд. АҚШ долл. деңгейінде қалыптасты.

Ресми сауда статистикасы тіркеген тауарлар импорты 7,1% ұлғайып, 9,6 млрд. АҚШ долл. құрады.

6,6 млрд.АҚШ долларын құраған бастапқы кірістердің теріс сальдосы шетелдік тікелей инвесторларға дивидендтер төлеуді басым түрде қысқарту есебінен базалық кезеңге қатысты 10,6%-ға төмендеді.

Ағымдағы шоттың басқа құрамдас бөліктері бойынша халықаралық қызметтер мен қайталама кірістердің теріс дисбаланстары тиісінше 1,4 млрд. АҚШ долл. және 0,2 млрд. АҚШ долл. құрады.

Қаржы шоты бойынша (резервтік активтерді есептемегенде) 0,7 млрд. АҚШ долл. мөлшерінде оң сальдо қалыптасты, бұл 2013 жылғы 1-тоқсанда Қазақстан қалған әлемге қатысы бойынша «таза кредитор» болып табылғанын білдіреді.

Тікелей инвестициялау операциялары бойынша теріс баланс 2,2 млрд. АҚШ долл. құрады. «Активтер мен міндеттемелер» қағидаты бойынша есепке алу кезінде тікелей инвестициялар бойынша қаржы активтерін таза иелену 1,8 млрд. АҚШ долл., ал міндеттемелерді таза қабылдау 4,1 млрд. АҚШ долл. құрады. «Бағыты бойынша» есепке алу тұрғысынан шетелдік тікелей инвесторлардан алынатын тікелей инвестициялардың жалпы әкелінуі базалық кезеңдегі 7,3 млрд. АҚШ долларымен салыстырғанда есепті кезеңде 6,6 млрд. АҚШ доллларын құрады.

Портфельдік инвестициялар бойынша оң сальдо портфельдік инвестициялар бойынша активтер өсімінің олар бойынша міндеттемелер өсімінен асып кетуі салдарынан 2,4 млрд. АҚШ долл. құрады. Портфельдік инвестициялар бойынша активтердің ұлғаюы ҚР Ұлттық қорының шетелдік активтерінің 2,7 млрд. АҚШ долларына өсуімен қамтамасыз етілді.

Төлем балансының операциялары бойынша резервтік активтердің ұлғаюы есепті кезеңде 0,3 млрд. АҚШ долл. құрады және 2013 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша халықаралық резервтер 28,1 млрд. АҚШ долларына бағаланды, бұл тауарлар мен қызметтердің қазақстандық импортын 5,4 айға қаржыландыруды қамтамасыз етті.
2013 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша сыртқы борыш

2013 жылғы 31 наурызда елдің сыртқы борышы 140,0 млрд. АҚШ долл. құрады, оның 5,2 млрд. АҚШ долл. немесе 4% мемлекеттік сектордың (ҚР Үкіметінің және ҚР Ұлттық Банкінің міндеттемелері) сыртқы борышын құрайды, фирмааралық берешектің үлесіне 69,6 млрд. АҚШ долл. немесе 50%, банк секторына 12,7 млрд. АҚШ долл. немесе 9% тиесілі.

2013 жылғы бірінші тоқсанда сыртқы борыш негізінен фирмааралық берешектің өсуі (+3,1 млрд. АҚШ долл.) есебінен 2,9 млрд. АҚШ долл. ұлғайды. Бұл ретте, «Басқа секторлардың» сыртқы борышы (фирмааралық берешекті есептемегенде) кезең ішінде 0,9 млрд. АҚШ долл. ұлғайды, ал мемлекеттік сектордың және «Банктердің» сыртқы міндеттемелері төмендегенін (тиісінше, кезең ішінде -0,3 және -0,9 млрд. АҚШ долл.) көрсетті.

Қосымша

5ТБН салыстырғанда 6ТБН-ның талаптары өзгеруінің қысқаша тізбесі






5ТБН сәйкес

6ТБН сәйкес

Ағымдағы операциялар шотындағы баптардың атауы


  • Тауарлар

  • Қызметтер

  • Бастапқы кірістер

  • Қайталама кірістер

Ағымдағы операциялар шотындағы және капиталмен және қаржымен операциялар шотындағы операциялардың белгілері

«+» - кредит (тауарлар мен қызметтердің экспорты, алуға кірістер мен трансферттер)

«-» - дебет (тауарлар мен қызметтердің импорты, төлеуге кірістер мен трансферттер)

Сальдо = кредит + дебет


«+» - кредит (тауарлар мен қызметтердің экспорты, алуға кірістер мен трансферттер), дебет (тауарлар мен қызметтердің импорты, төлеуге кірістер мен трансферттер)

Сальдо = кредит – дебет



Қаржы шотындағы операциялардың белгілері

«+» - міндеттемелердің ұлғаюы, активтердің төмендеуі

«-» - активтердің ұлғаюы, міндеттемелердің төмендеуі

Сальдо = барлық операциялардың қосындысы


«+» - міндеттемелердің немесе активтердің ұлғаюы,

«-» - активтердің немесе міндеттемелердің төмендеуі

Сальдо = активтер - міндеттемелер


Қаржы шотының және оның құрамдас бөлігінің сальдосы

Теріс – ресурстардың нетто-әкетілуі, оң – ресурстардың нетто-әкелінуі

Теріс – таза қарыз алу (ресурстардың нетто-әкелінуі), оң – таза кредиттеу (ресурстардың нетто-әкетілуі)

ТБ, ХИП және СБ-ның қаржы шотындағы секторлардың атауы


  • Орталық банк

  • Мемлекеттік басқару органдары

  • Банктер

  • Басқа секторлар

ТБ, ХИП және СБ-ға тікелей инвестицияларды ұсыну


Инвестициялардың бағыты бойынша:

Шетелге тікелей инвестициялар:



  • Талаптар

  • Міндеттемелер

Қазақстанға тікелей инвестициялар:

  • Талаптар

  • Міндеттемелер

Активтер мен міндеттемелердің қағидаты бойынша

Талаптар:



Міндеттемелер

Тел кәсіпорындардың операцияларын есепке алу


Қаржы активтері мен міндеттемелерінің санатына қарай басқа инвестицияларда

Тікелей инвестицияларда




1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылады: Статистика бөлімі → Сыртқы сектор статистикасы

с. 1

скачать файл